«Astana Arlans» командасының құрамы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Arlans» командасының құрамы жарияланды

23.01.2014
«Astana Arlans» командасының құрамы жарияланды

Дүниежүзілік бокс сериясында өнер көрсететін «Astana Arlans» командасының кезекті кездесуге қатысатын спортшыларының тізімін жариялады. Шаршы алаңдағы бәсекеде жерлестеріміздің Ресей былғары қолғап шеберлеріне қарсы тұрмақ. 

 
1 ақпанда Алматыда өтетін додада ел намысын 49 келі салмақта Азамат Исақұлов қорғаса, 56 келіде Мейірболат Тойытов шығады. 64 келіде Асхат Уәлиханов рингке көтерілетін болса, Сергей Деревянченко 75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап көрмек. Ал ауыр салмақта Василий Левитке сенім артылып отыр.
 
Айта кетейік, жерлестеріміз соңғы кездеуінде Әзірбайжан боксшыларынан 4-1 есебімен ұтылған болатын.
 

Хабарламаларға жазылу