«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы сауда айналымы былтыр1,2 миллирад долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Осы жетістікті одан ары еселеу жолдарын Қытай, Қазақстан, Ресей және Моңғолияның шекаралас аймақ басшылары «Үлкен Алтай-2026» халықаралық конфернциясында талқылады.
Соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы Қытай елі арасындағы тауар экспорты еслеп артты. Тек былтыр өңірден 963 миллион доллардан астам тауар экспортталған. Ал импорт 251 миллион долларға жетіп, 13 пайызға өсті. Екі өңір алыс-беріс пен барыс-келісті әлі де нығайтуға мүдделі.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біз өз жағымыздан СУАР ауданы мен көптеген келісім шартқа қол жеткіздік. Оның ішінде біздің өңірдегі мынау индустриялық көптеген қазба байлық арасында су электр стансаларын салу, орман шаруашылығы басқа да ауыл шаруашылығы аясында бірлескен кәсіпорындар мүмкіндігін қарастыруға қол жеткізіп отырмыз.
Жетістікке жету бар да, оны жетілдіре білу үлкен нәтиже. Бұл тұрғыда Шығыс Қазақстан мен Қытайдың Алтай аймағы арысында біраз келісім жасалды. Соның бірі - Марқакөл мен Қанас көлінің маңында жаңа туристік өткел ашу мәселесін пысықтады. Сонымен қатар үш елді байланыстыратын халықаралық автокөлік жолының жайын талқылады.
Әсет Сұлтанов, облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Моңғолия Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысын қосатын осы Алтай қаласы арқылы өтетін автомагистраль осының егжей-тегжейін бәрін осы конференция аясында пысықтап қараймыз.
Төрт мемлекеттің шекаралық аймақ басшылары экономикамен қоса мәдени-гуманитарлық ынтақтастықты дамыту жөнінде бірқатар меморандумды бекітті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы