Абай өлеңін оқу эстафетасын ҚХА өкілдері жалғастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай өлеңін оқу эстафетасын ҚХА өкілдері жалғастырды

22.07.2019

Ақын Абайдың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасын Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жалғастырды.

Алматыда өткен шарада қатысушылар домбырамен ән салып, хәкім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды. «Абайды білген - қазақтың тілі мен дәстүрін біледі» деген ұстанымы бар түрлі этнос өкілдері жарқын жобаға қолдау көрсетті. Олардың арасында Ұлы тұлғаның өлеңдерін жатқа оқитындардың саны 100-ден асқан. Бұдан бөлек, аталған құрылым мүшелері алдағы уақытта ақынның мерейтойы аясында Семейге арнайы экспедиция ұйымдастырмақшы.

Галина Дураченко, «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы:

Абайдың философиясы, өлеңдерінің тереңдігі, ол бізге қалдырып кеткен ұлттық мирас болады деп санаймын. Сондықтан Абайды оқу керек, білу керек және де оның сөздеріне құлақ салу керек деп санаймын.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу