Жыр эстафетасын Татарстан жалғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыр эстафетасын Татарстан жалғады

25.07.2019

Абай жырлары мен қара сөздерін оқу эстафетасын Татарстан жалғады. Елдің басты ұлттық арнасының ұжымы флэшмобқа қосылып, қазақтың бас ақынының өлеңдерін жарыса оқыды. 

Бұл — татар және орыс тілдерінде 22 сағат бойы хабар тарататын Татарстанның басты арнасы. Телеарна хабарлары Ресейден бөлек Финляндия, Латвия, Литва, Румыния, Болгария, Беларусь, Украина сияқты бірнеше елдің аумағында бес бірдей жерсерік жүйесі арқылы тарайды. Абайды тану челенджі Татарстаннан Түменге жолданды. Осылайша, ұлы ақынның шығармалары әлемнің түкпір-түкпірінде оқылып жатыр.  

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер де жыр эстафетасына үн қосты. Бастаманы қолдауды мәртебе санаған Елші қазақтың ұлы ақынының өлеңін ағылшын тілінде оқып берді.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу