Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Димаш Құдайберген қабыл алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Димаш Құдайберген қабыл алды

11.07.2019

Абай өлеңдерін шетелдіктер да жатқа оқи бастады. Бұған елімізде басталған ұлы ақынның өлеіңдерін оқу эстафетасы себеп. Кеше Димаш Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алып, Абайдың өлеңін мәнерлеп оқып берді. Апта басында ғана басталған челлендж еліміздің әр өңірінде қолдау тауып жатыр. Жас та, жасамыс та, әнші де, министр де ұлы ақынның жырларынан үзінді оқып беруге асығып жатыр.

Кезінде Абай Құнанбаев батыс пен шығыс мәдениетін алдымен өзі танып, кейін қалың қазақты соған жетелесе, Димаш, керісінше, өзге ұлттардың назарын қазақтарға аударатын сыңайлы. Өйткені ол эстафетасын әлемдегі барлық тыңдармандарына жолдап отыр.

Димаш Құдайберген, әнші:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз, көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.

Аузың ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген іш қайнайды.

Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе әкімі Оңдасын Оразалинге, РФ халық әртісі Игорь Крутойға және әлемдегі барлық тыңдармаңдарым «диэрстарға» жолдаймын.

Димаштың «диэрстары» оның сөзін екі етпеді. Әнші инстаграмда бейнесін жариялаған сәттен бері әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам эстафетаға қолдау көрсететінін жазып жатыр. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қазақтың бас ақынына тағзым ету үшін Абай кітаптарын сатып ала бастапты. Қазақтың тілінде сөйлеп, қазақтың жырын жаттауға асыққан Димаш фанаттары біздің арнамен де байланысқа шықты. Жетпістің желкенін керген италиялық Деанна Зани өзінің сәлемедесін жеткізді. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу