Әскери қызметшілер баспаналы болды
Отан қорғаушы күні мерекесінде әскери қызметшілерге баспана берілді. Астанада 15 отбасына жаңа пәтердің кілттері табысталды. Тұрғын үйлер тұрмыстық техникамен және жиһазбен толық жабдықталған. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бұл бастама әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен құрметтің көрінісі екенін айтты.
Раушан Ибадуллаева, әскери қызметкердің жұбайы:
Отан қорғаушы мерекесіне біздің отбасымызда үлкен қуаныш. 17 жыл армандаған баспанамызға қол жеткізіп отырмыз. Балаларымыздың несібесіне. Бүгін сондай үлкен қуаныш, шаңыраққа ие болып отырмыз. Алғысымыз шексіз. Отан қорғаушылар күнінен алған қонысымыз берекелі болсын. Жұғысты болсын басқаларға.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15