Президент Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентін қабылдады
GITEX AI Central Asia & Caucasus алаңы Орталық Азияда жыл сайын ұйымдастырылуы мүмкін. Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдап, әңгімелесу барысында осы мәселе талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және халықаралық технологиялық платформалар аясындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Кездесуде Алматының технологиялық хаб ретіндегі рөліне айрықша мән берілді. Бұл қалада еліміздегі IT-компаниялардың үштен бірі шоғырланған.
Президент Presight AI басқарма төрағасын қабылдады
Ал Presight AI компаниясы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қатысуға ниетті. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған ұйымның басқарма төрағасы Томас Прамотедхам айтты. Жоба – жасанды интеллект, есептеуіш қуат пен цифрлық сервис инфрақұрылымын дамытуды көздейтін арнайы экожүйе. Мемлекет басшысы нақты бастамаларды іске асыру арқылы серіктестікті одан әрі кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Сонымен қатар Астанада жүзеге асырылған Smart City жобасын Алматы қаласына енгізу мүмкіндігі қарастырылды. Президент осы жобаны жүзеге асыруға және екіжақты ықпалдастықты дамытуға үлес қосқаны үшін Томас Прамотедхамды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы