Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai халықаралық ЖИ орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ақылды жүйе шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Ицхак Герцогқа Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді. Бұдан бөлек, Президенттерге Астана Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптаспақ.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр
28.08.2026, 20:30
Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
28.08.2026, 20:28
Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
28.08.2026, 20:27
Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
28.08.2026, 20:22
Ақтөбеде оқушылар ауа райын болжайтын құрылғы құрастырды
28.08.2026, 20:19
Өскемен облысындағы оқушылар халықаралық олимпиадаларда көш бастап тұр
28.08.2026, 20:16
Медицина сапасына енді қоғамдық бақылау күшейеді
28.08.2026, 20:13
Мектеп формасы талабын сақтамағандар айыппұл төлейді
28.08.2026, 20:12