Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күні мерекесіне арналған шараға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күні мерекесіне арналған шараға қатысты

08.07.2019

Биыл екінші мәрте ел болып Ұлттық домбыра күнін ерекше атап өттік. Тұңғыш Президент- Елбасының Жарлығымен бекіген тағылымы мол мерекеге Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқаның арасындағы Қазақ жұрты хәл-қадірінше үлес қосты, қасиетті аспаптың үнін әуелетті.

 

«Ұлттық домбыра күнін мейрам ретінде тойлау - руханиятымызға зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау»,-деді арнайы мерекелік шараға қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы халқымыздың өз салты мен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған кездерін де еске түсірді. «Бірақ нағыз қазақ — домбыра демекші қос ішекті аспаптың арқасы болар, өнерге деген шынайы ықылас сарқылған емес. Осы ретте мына жылдам жаһанданып жатқан заманда қазақы қалпымызды сақтап қалу үшін домбыраны ұрпақтың қолына ұстатып, санасына сіңіру керек»,-деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын факультатив ретінде енгізу – қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

Хабарламаларға жазылу