Басты Жаңалықтар Қазақстан экономикасы - үздік 40 ел қатарында

Қазақстан экономикасы - үздік 40 ел қатарында

Қазақстан экономикасы үздік 40 елдің қатарына енді. Еліміз бұл бағытта қазір бірқатар алпауыт елдерді өкшелеп, 36 орынға көтерілді. Әл-ауқат немен, қалай есептеледі? Әріптесім тарқатады.

Экономикадағы жалпы ішкі өнім мен елдің сатып алу деңгейі артып, ТОП-40 елдің қатарына кірдік. Қаржылай әл-ауқатымыз 973 млрд долларға жетті. Осылайша әлем елдері арасында 36-шы орынға тұрақтадық.

Әділжан Мұстафин, экономикалық зерттеулер институты әлемдік экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы:

Қандай мемлекет болмасын экономика жалпы ішкі өніммен өлшенеді. Яғни елдегі қызметтер мен тауарлардың жалпы бағасы доллармен есептеледі. Салыстырар болсақ, АҚШ-та бір қызметті 10 долларға алуға болады, ал бізде ол 2 доллар тұрады делік. Міне осындай баға айырмашылығы экономикаға салмақ түспеуүшін халықтың сатып алу қабілеті ескеріледі. Тауар бағасы өссе, сатып алу қабілеті төмендейді.

Бүгінде экономикасы ілгерілеп келе жатқан Қазақстанға шетелдіктер де көптеп инвестиция құя бастаған. Содан болар Орта Азияда қаржы тартудан көш бастап тұрмыз. Ұлыбритания - сенімді инвесторлардың бірі. 2024 жылы Британ инвестициясы 720, ал 2025 жылдың 9 айы ішінде 470 млн долллар қаржы тартылған.

Фабио Мандо, Eutelsat компаниясының операциялық қызмет жөніндегі директоры:

Саяси тұрақтылық, ұзақ мерзімді инвестицияларды жоспарлауға мүмкіндік беретін болжамды реттеуші орта, сондай-ақ биліктің мәмлеге бейілдігі – осының бәрі Қазақстанды алға жетеледі және біздің аймақтағы бизнес жүргізудің орталығы ретінде таңдауымызға негіз болды.

Топ тізімде топ жару үшін мамандар шикізат өңдеу, мұнай өндірісі мен құрылысты кенжелетпей, инвестиция тартуды жалғастыру керек деп отыр. Статистика бойынша елде былтыр мұнай өндіру көлемі 11,5 пайызға, қалған секторлар 4 пайызға өскен.


Бөлісу