Тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді
Елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жылда республикада 57 миллион шаршы метр баспана салынған. Бұл көршілес мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Әсіресе, ірі мегаполистерде ғана емес өңірлерде де құрылыс ауқымы артқан. Мәселен, Сыр өңірінде былтыр тұрғын үй құрылысына 36 миллиард теңге қаржы бөлінген. Яғни, өткен жылдармен салыстырғанда едәуір өсім байқалады. Облыста 939 мың шаршы метр болатын 2577 пәтер үй кезегіндегі отбасыларға табысталып, 10 мыңнан астам жан үйлі болды. Ең бастысы баспана құрылысы қалада ғана емес аудандарда да қарқын алып, ауыл жұртын жаңа тұрғынжаймен қамтуға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Ерлан Төрәлиев, облыстық Құрылыс басқармасының басшысы:
2026 жылы біз тұрғын үй құрылысына жалпы 55,6 млрд теңге бөлдік. Оның ішінде 15,5 млрд ол бағалы қағаздар есебінен 40 млрд облыс бюджетінен бөлінді. Бұл қаражатқа біз жалпы 2400 пәтер пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00