Басты Жаңалықтар Еуразиялық интеграция институтының өкілдері де сауалнама жүргізуде

Еуразиялық интеграция институтының өкілдері де сауалнама жүргізуде

Астанадағы барлық референдум учаскелерінде Еуразиялық интеграция институтының өкілдері экзитпол технологиясы бойынша сауалнама жүргізіп жатыр. Олар азаматтардың қандай таңдау жасағанын анықтап, нәтижелерін әр екі сағат сайын Еуразиялық интеграция институтына жібереді. Ол жақта деректер талданып, қорытынды жасалады. Сауалнама анонимді түрде өтіп жатыр.

Мира Жәкенова, Еуразиялық интеграция институның супервайзері:
Біз референдум учаскелері ашылғаннан бастап жабылғанға дейін жұмыс істейміз. Таңертеңнен бері біз барған №77 учаскеде 80-нен астам адамның таңдауын білдік. Азаматтар қарсылық танытып жатқан жоқ. Керісінше, сауалнамаға белсенді қатысып жатыр.


Бөлісу