Н.Ілиясов ауылының диқандары дауыс берді
Қызылорда облысы, Сырдария ауданында шаруашылық ұжымдары референдумге белсенді атсалысуда. Күріш өсіріп, ауылын көркейткен Нағи Ілиясов елді мекенінің еңбеккерлері учаскеге келіп, таңдауын жасап жатыр. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз ауылдан тікелей қосылуға әзір.
Әділбек, қайырлы күн! Сіз эфирдесіз.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Біз Нағи ауылындағы №165 референдум учаскесінде тұрмыз. Көктемгі дала жұмыстары басталып, қауырт тірліккке қарамастан күрішшілер ел ертеңі үшін маңызды референдумға жауапкершілікпен қарап, ұйымшылдықпен келіп жатыр. Жергілікті шаруашылықтан шамамен 250-ге жуық еңбек адамы дауыс беруде. Шаруалар таңсәріден бері топ-тобымен учаскеге келіп жатыр. Солардың бірі, былтыр үздік бригадир атанған Төлепберген Қалиев дәл қазір менің жанымда.
Төлепберген Қалиев, шаруашылық бригадирі:
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жалпы Нағи Ілиясов еліміздегі ең көрікті ауылдардың бірі. Ауызбіршілігі жарасқан елді мекен жұртшылығы референдум учаскесіне ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділікпен дауыс беруде. Ал мәдениет үйінің алдында киіз үй тігіліп, наурыз мерекесі қатар тойланып жатыр. Ақжаулықты әжелер ансамблі ән айтып, қыз-жігіттер алтыбақан теуіп мәз-мейрам. Сондай-ақ қазан-қазан наурыз көже пісіріліп, тұрғындар ыстық бауырсақтан дәм татуда. Осылайша референдум Нағи ауылында той-думанмен өтіп жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00