Дәстүрлі өнерді дәріптейтін таланттар Шиеліде қалыптаса бастады
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында жыршылық өнерді өрге сүйреген хас таланттардың шоғыры қалыптасып келеді. Жергілікті ұстаздардан тәлім алған шәкірттер үлкен байқауларда топжарып, осы бастан елдің ықыласына бөленіп жүр. Өнердің шыңын бағындырамын деген шын таланттармен әріптесім Әділбек Серікұлы тілдесті.
Бұл қазақтың мәшһүр ақыны Нартай Бекежановтың 65-ші шөбересі. Сыр өңірінде үш жыр мектебі қалыптасса, соның бірі Нартайдың мұрасы. 13 жасар Айбекке текті өнер атасынан дарыған. Бүгінде сырнаймен термелерін нақышына келтіріп орындап жүр.
Айбек Ерғалиев, Н.Бекежановтың шөбересі:
Үлкен әжем Орынкүл апамның Нартайдың қарасөзбен айтып, соны тыңдап осы өнерге келдім. Соның бірнеше термелерін осы уақытқа дейін үйрендім.
Өнер мектебіндегі өрендер бірінен-бірі өткен талантты. Мұнда ең жас сырнайшы 10 жаста. Дәстүрлі өнерді бойына сіңірген балалар бүгінде үлкен сахнаға шығып, мереке-думанда қазақтың жыр-термесін дәріптеп, көптің ықыласына бөленіп жүр.
Мырзатай Тұрманов, өнерпаз:
Менің туындыларымда Н.Бекежанов атамыздың, М.Жұмабаев атамыздың, Т.Қалмағамбетов атамыздың термелері өлеңдері бар. Болашақта танымал дәстүрлі әнші болғым келеді.
Асылжан Ордабек, өнерпаз:
Домбыраны өзім 8 жасымда қолыма алдым. Нұртілек ағайымнан үйрендім. Дәстүрлі әннен халықаралық «Бозторғайға» қатысып бас жүлдені жеңіп алдым.
Шиелі елге өнер тұлғаларымен танылған өлке. Осы дәстүр атадан-балаға жалғасып, бүгінде аудандық өнер мектебінде мыңға жуық жас түрлі үйірмелерге қатысады. Таланттардың талабын шыңдап жүрген ұстаз Ізбасхан Дәулетхан шәкірттермімен мақтанады.
Ізбасхан Дәулетхан, өнер мектебінің ұстазы:
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа осы қазақтың дәстүрлі әнін, дәстүрлі жырын Нартай атамыздың, Есенбек атамыздың көптеген жырларын жастарға насихаттап келеміз. Оқушыларымыз өте жақсы жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы