Басты Жаңалықтар Қазақстанда зейнетақы алушылар саны 1,5 миллионнан асты

Қазақстанда зейнетақы алушылар саны 1,5 миллионнан асты

Қазақстан зейнеткерлік жаста өмір сүруге қолайлы елдер рейтингінде 89 мемлекеттің ішінде 77-орынға тұрақтады. Зерттеуді U.S. News & World Report жүргізген. Қазір елімізде 1 миллион 520 мың адам зейнетақы алады. Ел тұрғындарының басым бөлігі зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударуға тырысады. 2024 жылғы деректерге сәйкес, салымшылардың 65,4 пайызы жыл ішінде 9-12 жарна салған. Тағы 12,5 пайызы 6–8 жарна аударса, тек 22,1 пайызы 1–5 жарнамен шектелген. Ал зейнетақы қоры жүргізген сауалнамаға сәйкес былтыр тұрғындардың 39,3 пайызы өздері ай сайын құйып отыратын зейнетақы жинақтарын қартайған шақтағы негізгі табыс көзі деп санайды. Ал 25 пайызы мемлекеттен берілетін зейнетақыға үміт артатынын айтқан. Жауап бергендердің 15,6 пайызы өзге жинақтарына сенсе, 11,6 пайызы жеке бизнесіне сүйенетінін жеткізген. Сонымен қатар тұрғындардың 5,4 пайызы туыстарының қолдауына иек артатынын айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 2,6 пайызы сақтандыру төлемдерін атаған. Ал 0,6 пайызы бұл сұраққа нақты жауап бере алмаған.

Салымшылар белсенділігі (2024 жыл)

Жарна саны Салымшылар үлесі
9–12 жарна 65,4%
6–8 жарна 12,5%
1–5 жарна 22,1%

Сауалнама: Зейнет жасындағы негізгі табыс көзі?
39,3% — Өз жинағым (БЖЗҚ)
25,0% — Мемлекеттік зейнетақы
15,6% — Басқа жинақтар
11,6% — Жеке бизнес
5,4% — Туыстардың көмегі
3,1% — Сақтандыру және т.б.

Бөлісу