Нұр-Сұлтанда «Ғасырларға созылған қасірет» атты көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда «Ғасырларға созылған қасірет» атты көрме өтті

10.04.2019

Елордадағы әскери-тарихи музейде Қазақстандағы саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін «Ғасырларға созылған қасірет» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қамауда отырған келіншектердің қолданған жеке заттары, киімдері мен қолөнер бұйымдары қойылған.

Төрт қабырғаға қамалған жандар көбіне кесте тігумен айналысқан. Және қамырдан түрлі мүсіндер жасаған. Сол кездегі әйелдердің жазған хаттары да сол күйі сақталыпты. Жалпы, «Алжирде» 62 ұлттан 8 мыңнан астам әйел отырған. Лагерьде 1,5 мың сәби дүниеге келген. Мұражайды көруге келген оқушылар мен студенттерге жазықсыз әйелдердің сол кездерде басынан өткен қасіретті күндері әңгімеленді.  

Гүлнұр Төлепбергенова, «Алжир» мұражайының қызметкері:

- Белгілі қайраткер Сұлтанбек Қожановтың әйелі 8 жыл отырған. Ол ерлік жасаған. Күніне жұмыс істеп, 1 нан алып, оны әйелдерге бөліп беріп отырған. Ал, мынау сол Гүлмайданның қамзолы, оны бізге ұрпақтары табыс етті.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу