«Жыр - менің планетам». Назарбаев Университетінде осындай атаумен ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған поэзия кеші өтті. Унивеситет ұжымы осылайша студенттердің поэзияға деген қызығушылығын арттырмақ.
Кеште студенттер ақынның туындыларын оқыды. Шараға Фариза Оңғарсынованың туыстары мен ақын-жазушылар қатысты.
Гүлтас Құрманбай, Назарбаев Университеті «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры:
- Фариза ақынның өлеңдерін ағылшын тіліне, қытай тіліне, орыс тіліне, француз тіліне аударған студенттердің жарысы болды. Яғни, бұл әлі республика бойынша жалғасын табады деп ойлаймыз. Сондықтан Фаризаның тойы Назарбаев Университетінде басталып кетті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ