Шымкентте борышкерлерге жұмыс ұсынды
Шымкентте алимент төлемеген азаматтардың қарызы 5 млрд теңгеге жуықтаған. 3,5 мың адам борышкердің қатарында. Олардың 700-ге жуығы табысын көрсете алмаған. Сондықтан қалада арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, 30 кәсіпорын вакансия ұсынды. Кейбір мекемелер мамандығы жоқ азаматтарды тегін оқытып, сертификат беруге дайын. Осылайша борышкерлерді жұмыспен қамту арқылы алимент берешегін өтеуге мүмкіндік берілді.
Сергей Ходячик, қала тұрғыны:
5 миллионға жуық берешегім бар. Жұмыс тауып бергендерге алғысым шексіз! Өздері үйретіп, жұмыспен қамтиды екен. Енді осы кәсіпорында жұмыс істеуге ниеттімін. Мамандығым электрик. Бірақ, қызмет талғамаймын. Жаңа қабілеттерді игеріп, кез келген тапсырманы орындауға дайынмын.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16