Басты Жаңалықтар Президент Пәкістанның Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Президент Пәкістанның Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Премьер-министрімен келіссөз жүргізді. Тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әуелі үкімет резиденциясында Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын қарсы алып, салтанатты рәсім өтті. Содан кейін бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Қарсы алу рәсімінен кейін Президент Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш екті. Шағын құрамдағы келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттары талқыланды. Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты.


Бөлісу