Басты Жаңалықтар Былтыр Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 5,4 млрд долларға жетті

Былтыр Түркия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 5,4 млрд долларға жетті

Анкарада Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдап, екі жақты стратегиялық байланысты талқылады. Сапар аясында Қазақстан - Түркия бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының сегізінші отырысы өтті. Еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның тең төрағалығымен өткен жиында саяси-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қаралды.

Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 5,4 млрд долларға жетті. Елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Ал Түркия экономикасына қазақстандық кәсіпкерлер 2,2 млрд доллардан астам инвестиция салған. Қазақстан экономикасына түрік инвестициясының көлемі 5 млрд доллардан асады. Бұл түрік инвесторларының Қазақстанға сенімінің белгісі. Кездесу қорытындысы бойынша 2 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:

Екі елдің Президенттері Үкімет алдында қойған мақсат бар. Ол мақсатта 15 млрд долларға дейін сауда айналымын жеткізуге. Дұрыс жолда келе жатырмыз. Өткен жылы жалпы құны 83 млн доллар құрайтын 5 жоба сәтті іске қосылса, қазіргі таңда 4,2 млрд доллар көлемінде 40-тан аса жоба жүзеге асырылуда.


Бөлісу