Басты Жаңалықтар Үкіметте Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Денсаулық сақтау саласы бойынша аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтау бағыттарын күшейту, скринингтік бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ халық үшін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Білім беру саласында мектепке дейінгі және орта білім берудің өзекті мәселелері, педагог кадрларды даярлау бағыттары қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағыты бойынша әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс тиімділігіне талдау жасалды. Ғылым және жоғары білім мәселелері бойынша кадр даярлауда еңбек нарығының нақты сұранысына сәйкестігі сөз болды. Сонымен қатар өңірде бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және туризм саласын дамыту шаралары талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу