Қызылорда облысының ең шалғай ауылына да су жетті
Қызылорда – елімізде елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтыған бірден бір облыс атанды. Қазалы ауданынан шалғайда жатқан Сарбұлақ ауылына да тіршілік нәрі келіп, тұрғындардың көптен күткен талап-тілегі орындалды.
- Ауылымызға су келіп, барлық қиын күндеріміздің бәрі артта қалды.
Құндыз секілді бұл ауылда әрбір тұрғын судың қадірін жақсы біледі. Тіршілік нәрінен тапшылық көрген тұрғындар осы кезге дейін құдықтан су ішіп, қыста қар мен мұз ерітіп амалдап келген. Енді бұл қиындықтардың бәрі артта қалды.
Құндыз Байбарақова, Сарбұлақ ауылының тұрғыны:
Шалғай жатқандықтан қатты сенім болған жоқ. Бірақ үмітіміз болды. Су келер дегендей. Міне, сол қуанышымызға орай, осындай баққа кенеліп жатырмыз.
Сарбұлақ – аудан орталығынан 100 шақырым қашықта орналасқан шеткі ауыл. Былтыр мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен жырақта қалған ауылға орталықтандырылған ауыз су тартылды. Осылайша тұрғындардың өзекті мәселесі шешімін тауып, тіршілік нәріне қол жеткізіп отыр.
Ерғали Қарымсақов, Сарбұлақ ауылының тұрғыны:
Ауылымызда бұрын айналдыра 3-4 бұлақ болатын Кеңес заманы кезінде. Олардың бәрі тоқтады қазір. Қазір бұлақ жоқ. Қазір скважина қосылып жақсы болды. Үйімізге кіріп тұр. Үйге аристон құрғыздық. Жылы су да, ыстық су да бар.
Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешен ел игілігіне берілді. Елді мекенде спортқа жаны құмар жастар көп. Республикалық және халықаралық додаларда жүлде салып жүрген таланттар жетерлік. Заманауи спорт кешеннің ашылуымен ауыл балалары үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік туды.
Нұрлыбек Мұхит, жаттықтырушы:
Заманауи спорттық нысан ашылып жатыр. Қолданысқа беріліп жатыр. Біз бұған дейін мектептің спорт залында дайындалдық. Мінекей, бұл оқушылар үшін тамаша мүмкіндік.
Жалпы соңғы үш жылда облыс бойынша 21 спорт кешен салынған. Солардың басым бөлігі ауыл аймақта бой көтеріп, елді мекендерде спортпен шұғылданушы жастардың қатары еселеп өсіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы