Басты Жаңалықтар Ою-өрнекті орнымен пайдалану маңызды

Ою-өрнекті орнымен пайдалану маңызды

Елімізде дәстүрлі қазақы ою-өрнектердің мән-мағынасы ескерілмей, ретсіз қолданылып жүргендер бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған арнайы семинарда осы мәселе кеңінен талқыланды. Мамандардың айтуынша, бұл – дәстүрдің дамуы емес, керісінше оның мағыналық әрі функционалдық тұрғыдан бұрмалануы. Әрбір ою-өрнек – ата-бабамыздан қалған құнды мұра, оның өз тарихы мен символдық мәні бар. Кейбір өрнектер ерлерге немесе әйелдерге арналса, енді бірі бас киімге, аяқ киімге не тұрмыстық бұйымдарға қолданылған. Осы ерекшеліктерді ескермей пайдалану ұлттық құндылықтарға нұқсан келтіреді дейді қатысушылар. Сондықтан мамандар қазақы ою-өрнектерді қолданбас бұрын оның мағынасын терең түсініп, орнымен пайдалануға шақырады. Семинар барысында ұлттық мұраны дұрыс насихаттауға қатысты бірқатар ұсыныстар да айтылды.

Фарида Мерхамитқызы, стилист:
Оюлардың ер адамға қолданатын оюлары бар. Оны балаға қолдануға болмайды. Оны әйел адамға кейде қолануға болмайды. Бір жүйелікке келтірсек осыны. Мысалы ою өрнеткердің атауын жүйеге келтіріп, қолданыстағы орындарын жүйеге келтірсек. Этно қоғам керек пе? Осы мәселені үнемі дамытып, осы мәселені үлкен деігейде көтеріп отыратын.

Бөлісу