Қызылордада Ұлттық құрылтайдың панельдік сессиялары аяқталды
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың панельдік сессиялары аяқталды. Түрлі сала мен еліміздің әр өңірінен жиналған құрылтай мүшелері түрлі ұсыныстарын ортаға салып, қызу талқы болды. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы қазір тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Оңғар, түстен кейінгі сессияларда қандай мәселелер көтерілді?
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Түстен кейін азаматтық қоғам және экономикалық даму тақырыптарындағы сессиялар өтті. Экономикалық даму секциясына түрлі сала өкілдері – кәсіпкерлер, сарапшылар, өңірлерден келген мамандар жиналды. Жиын басталмай тұрып-ақ олар қазіргі экономиканың түйткілді тұстарын, өңірлердегі ахуалды өзара талқылап, ортақ пікір қалыптастырды. Панельдік сессия барысында жұмыспен қамту мәселесі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ аймақтардың экономикалық әлеуетін арттыру жолдары кеңінен сөз болды. Осы мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар айтылып, оларды іске асыру тетіктері талқыланды. Экономикалық даму секциясында көтерілген бастамалар жөнінде Ұлттық құрылтай мүшесі Мұрат Абеновтың пікірін тыңдап көрейік.
Мұрат Абенов, Мәжіліс депутаты:
Жалпы, бүгінгі сессияда айтылған ұсыныстар алдағы уақытта нақты шешімдерге ұласуы тиіс. Ұлттық құрылтай ел экономикасын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың алаңы екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12