Қызылжарда Ерік Асқаровты еске алуға арналған республикалық ақындар айтысы өтті
Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылжарда Ерік Асқаровты еске алуға арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен барған 22 ақын сахнада сөз сайыстырып, жыр додасының көрігін қыздырды.
Айтысқа Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілев секілді айтыс майталмандары қазылық етті. Ақындар аламанында шығысқазақстандық Серік Құсанбаев оза шауып, бас жүлдені еншілесе, бірінші орын оңтүстіктен келген Маржан Есжановаға бұйырды.
Жалпы, соңғы жылдары солтүстікте ақындар айтысы жиі ұйымдастырылып жүргенін айта кету керек. Бұл ұлттық өнер кенжелеп қалған өңірдің рухын көтеруге оң әсер етері сөзсіз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15
Шымкентте Наурыз мерекесі жаңа форматта ұйымдастырылды
22.03.2026, 09:10
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08