Президент АҚШ пен Болгария елшісінен сенім грамотасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты. Ал Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды. Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын, - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.
Қазақстан мен Құрама штаттар арасындағы байланыс өзге елдерге қарағанда ертерек орнаған. Өйткені АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған ел. Сауда-саттық, экономикамыз ғана емес халқымыз, мәдениетіміз де жақын. Олардың тереңдеу түсуіне Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақын араласуы әсер ететініне сенімдімін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы