Медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өсті
Биыл медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі. Сондай-ақ дәрігерлердің құқығын қорғау жұмыстары жетілдірілмек. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, соңғы жылдары салаға бөлінетін мемлекеттік қаржы үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен. Нәтижесінде ірі медициналық орталықтар іске қосылып, ауылдық жерлерде 650-ден астам жаңа нысан пайдалануға берілді. Тарифтік саясат қайта қаралып, ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық және шұғыл медициналық көмек сапасы артты. Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде.
Тимур Сұлтанғазиев, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
Денсаулық сақтау саласында "eDensaulyq" экожүйесі қалыптастырып, жасанды интелект дәрігерлерге қолдаудың және медициналық көмектің сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде енгізілуде. Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі заңға өзгерістер мақұлдады. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолданғаны үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07