Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір. Алғыс айту күні Ұлттық музейде де аталып өтті, арнайы концерттік шара ұйымдастырылды. Концертке өнерпаз оқушылар мен елордадағы өзге этнос өкілдері және ұлттық мәдени орталық өкілдері қатысты. Концертте Қазақстанда тұрып жатқан халықтар туралы бейнеролик көрсетіліп, ұлттық әндер шырқалды.
Құмар Жүнісов, Экскурсиялық жұмыстар және музей педагогикасы қызметінің басшысы:
- Жалпы, шараның мақсаты – бұл балаларға осы мерекені көрсету, оның құндылығын көрсету, ел арасындағы татулықты насихаттау.