27 ақпанда Қазақ радиосының «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27 ақпанда Қазақ радиосының «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтеді

26.02.2018

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.

Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Осы мерекеге орай Қазақ радиосының халыққа тартуы бар. Тележүргізуші Қымбат Досжан, әнші Роза Әлқожа, Қазақ радиосының жүргізушісі Ақбаян Сапарбай студияда қонақ болып, өз жаңалықтарымен бөлісті.

«Алғыс айту күні елімізде осымен үшінші жыл аталып өтеді. Қазақ радиосы биыл үлкен бастаманы қолға алып, қайырымдылық концертін өткізбек. Оның ішінде үш әлеуметтік жоба бар. Олар «Бармысың, бауырым?!», «Ақ отау», «Жан жылуы» радиобағдарламалары. Ойластыра келе, Корпорация басшылығының қолдауымен «Алғыс айту» күнінің қарсаңында игі іс жасаушыларға, мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген азаматтарға алғыс айту үшін осы шараны өткізуді ұйғардық.

Концертке түрлі тағдыр иелері келеді. Оның ішінде бір-бірін жоғалтқан бауырлар, ауыр дерттен құтылған жандар, әлемнің екі жағында жүріп, бір-бірін 22 жылдан бері таппай жүрген ана мен бала бар», - дейді қонақтар.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу