Димаш Құдайберген Американы тамсандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген Американы тамсандырды

06.02.2019

Талантты да талапты ұлымыз Димаш Құдайберген алып Американы да тамсандырды. Қазір Димаш АҚШ-тың CBS арнасында өтіп жатқан The World's Best, яғни, «Әлем үздіктері» шоуына қатысып жатыр. Америкалық сахнаға шыққан саңлағымызды қазылар алқасының бірі актер Ру Пол Андре Чарльз бірден оң бағалап, Димашқа «Бұл шоудың себебі сенсің» деп айтқан. Сондай-ақ, америкалық шоуға тағы бір талантымыз Данэлия Тулешова да қатысып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған дарындарды танымал актриса Дрю Бэрримор, британиялық әзілкеш Джеймс Горден сынды майталмандар бағалайды. Қазақстандық әртістер қатысқан шығарылым ақпанның 7-күні Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де көрсетіледі.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу