Басты Жаңалықтар Қазақстан әскери медицина саласына жапондық тәжірибені енгізіп жатыр

Қазақстан әскери медицина саласына жапондық тәжірибені енгізіп жатыр

Қазақстан әскери медицина саласына жапондық тәжірибені енгізіп жатыр. Бұл жапан далада жылдам ота жасауға мүмкіндік беретін гибридті емдеу тәсілі. Күншығыс елінің ерекше методикасын  Орталық Азияда алғаш болып қазақ армиясы меңгерген. Жалпы, әскери медицинаның ахуалы қандай? Қорғаныс саласында инфрақұрылым қаншалықты дамыған?

Астанадан шығып, алдымен Талдықорғанға табан тіредік. Биыл  21751 әскери бөлімінде казарма, асхана, қызметтік бөлмелер мен оқу-жаттығуға арналған нысандар толық жаңартылған. Жаңа ғимаратты таныстырған Қорғаныс министрінің орынбасары жауынгерлермен бірге өзі де жаттығу жасап көрді.

Бүгінде қарулы күштерге тиесілі 8 мыңнан астам ғимарат болса, соның 80 пайызы ескірген. 50-60 жылдары салынған мекемелердің тозығы жеткені рас. Сондықтан қазір жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Соңғы 3 жылда 150-ге жуық модульдік кешен бой көтеріпті. Басты артықшылығы жылдам салынады әрі ішкі жоспарын өзгерту оңай. Қажет болса, кабинеттерді қайта бөліп жасақтауға болады. 

Қаныш Әбубәкіров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Салынуы тез, екіншіден біз осы ғимаратты 4 рет басқа жерге көшіре аламыз. Біздің тапсырмаларды әрі қарай орындау кедергі болмас үшін модульді ғимараттар біздің уақытша шешім. Ал болашақта Қарулы күштер, үлкен ғимараттар және капиталды ғимараттар соғамыз.

Әсіресе әскери медицинаны дамытуға көңіл бөлініп жатыр, дейді жауаптылар. Сарыөзек сынды шеткері аймақтағы горнизондарда заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Биыл жалпы қорғаныс саласына қажетті емдеу аппараттарын алу үшін 2,8 млрд теңге бөлінген екен.

Ержан Смайыл, ҚР Қарулы күштері бас әскери бас әскери медицина басқармасының бастығы:

Ең үлкенінен бастасақ, компьютерлік томограф, рентген апараттары, узи апараттары, лабароторлық апараттар, сосын көзге жасайтын микрохирургиялық  операциялық микросуоп және арнайы құрылғы. Жалпы, әскери медицина сарбаздардың денсаулығын сақтау үшін және оны нағыйту үшін жұмыс атқарады.

Ернұр Медет, тілші:

Біз қазір жапан далада орналасқан Отар әскери горнизонына келіп қондық. Бұл базаны Қорғаныс саласының жүрегі деуге болады. Елдегі ең ірі оқу алаңдарының бірі осы қалашық. Танк, артиллерия, инженерлік, саперлік байланыс, мотожаяу әскері - бәрі осы жерде жаттығады. Сондықтан мұндағы инфрақұрылымның сапалы болғаны маңызды.

Көпшілікке белгілі отардағы әскери бөлімнің қазір медициналық-техникалық жағдайы айтарлықтай жақсарған. Ингалятор-небулайзер, рентген аппараты, физотерапия және сәулелік диагностика құралдары бар. Сондай-ақ госпиталь тек сарбаздарға ғана емес, жергілікті халыққа да қызмет көрсетеді.

Ғалымжан Бәкіров, Гвардейский әскери госпиталь командирінің орынбасары:

Себебі Қордай ауруханасы 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Сол себепті әскери госпитальға 24 сағат көмек көрсетіп отырады.

Қорғаныс саласындағы басты өзгерістің бірі жоғарыда атап өткен  жапониялық емдеу әдісі.  Бұл тәжірибе әсіресе шекара мен полигон аймақтарында тиімді. Жараланған сарбазды алыстағы ауруханаға жеткізбей-ақ, толық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Дәрігерлер далалық жағдайда диагностика жүргізіп, тіпті күрделі операция да жасай алады.

Нишикауа Макото, Жапониялық делегация жетекшісі:

Біз осылай өзар әскери байланысты арттырып отырмыз. Жарақаттан кейінгі алғашқы 60 минут – өмір үшін ең маңызды кезең. Гибридті тәсіл осы уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Хирургия, травматология, реанимация және диагностика біріктіреді. Уақыт ұту арқылы біз адам өмірін арашалап қаламыз.

Талдықорған, Сарыөзек, Қонаев және Отардағы әскери қалашықтардың ахуалы осы. Қуатты армия  сапалы қызмет алған сарбаздан басталатыны белгілі. Шекарада шеп құрған ұландар оқ тимей қатардан шықпас үшін әскери медицинаны жетілдіру маңызды іс.

Бөлісу