Қазақстандық музыканттар Римде өнер көрсетті
Қазақстандық музыканттар Еуропа жұртын тамсантты. Еліміздің Италиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Римдегі «Teatro Palladium» сахнасында қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің ұжымы өнер көрсетті.
«Қазақконцерт» ұйымына қарасты Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Крейслер, Сен-Санс, Вивальдидің туындыларын шебер ойнап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсақожаева да әлемдік классика жауһарларын тамылжыта шырқап, италиялықтарды таңдай қақтырды. Композитор Алмас Серкебаевтың шығармалары арқылы шетелдіктер қазақ музыкасына тереңірек бойлады. Концерт екі сағатқа созылды.
Айман Мұсақожаева, ҚР халық әртісі:
Италия-музыканың, Вивальдиің Отаны. Осы елге қайта оралып, акустикасы керемет залдың сахнасында өнер көрсетуге мүмкіндік берген еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігіне, «Қазақконцерт» ұйымына алғысым шексіз. Болашақта осы сахнада оркестрдің толық құрамымен өнер көрсетеміз деген сенімдемін.
Эрнесто Ди Серио, Рим полициясының генералы:
Концерт қатты ұнады. Мен құдды он сегізінші ғасырдағы Венецияға сапарлағандай әсер алдым. Скрипкашының орындау шеберлігі ғажап. Құнды скрипкасымен бізге музыканың құдіретін сезіндірді. Болашақта оның өзге де концерттеріне барсам деймін.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16