Жазушы-драматург Асқар Сүлейменовтің туғанына - 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы-драматург Асқар Сүлейменовтің туғанына - 80 жыл

24.12.2018

Биыл жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына - 80 жыл. Осыған орай, Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында «Асқар Сүлейменов және театр» атты көрме ашылды. Сондай-ақ, қаламгердің «Адасқақ» әңгімелер циклі бойынша «Біржанның соңғы әні» спектаклі сахналанды. Қойылымның бас кейіпкері – қазақтың атақты әнші-композиторы Біржан сал Қожағұлұлы, ал, режиссері Әубәкір Рахимов. Өнербаяндық көркем қойылым оқиғалары бір күн ішінде өң мен түс арасында өтеді. Өмірінің соңында дерт деңдеген Біржан салдың Абай, Ақанмен ойша кездесулері, өнер адамының ұстанымы жайындағы көзқарастары беріледі. Ал, көрмеде ұлттық өнердің түлеуіне зор үлес қосқан тұлғаның өмір жолы көрсетілді. Сол тұстағы рухани көшбасшылардың бірі болған атпал азаматтың ұлттық мүддені ту еткен қызмет жолына қатысты суреттері қойылды.

Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

- Асекең қазақ әдебиетіндегі, қазақ әдебиеті сынындағы құбылыс. Негізі бұл кісі бекерге қалам тартпаған адам. Әр сөзі мен ойын бүкіл дүниені бір қауызға сыйғызғандай қылып айтушы еді.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу