Республика күніне орай Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті
Елордада Республика күніне орай Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Тұрғындар үшін 500 тоннаға жуық өнім әкелінген. Бас-аяғы 100-ден астам кәсіпкер тауарларын нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан сатты.
Дулат Сердәлі, Ақмола облысы Ауыл Шаруашылығы және Жер Қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
Ақмола облысының тауар өндірушілері Астананы күнделікті тауарымен қамтамасыз етеді. Жалпы, біз ет өнімдері бойынша елорданы 30 пайызға қамтып отырмыз. + 03:40 Сүт өнімдері бойынша 30 пайызды қамтып отырмыз. Тәулігіне 150 тонна. Жұмыртқа бойынша тәулігіне 700 мың дана әкелінеді.Жәрмеңкеде ет өнімдері мен жұмыртқаға, жеміс-жидекке сұраныс жоғары болды. Келушілер тауардың сапасы жоғары, бағасы тиімді екенін айтады.
Тамақтардың бағасы басқа облыстардан қарағанда арзан болды. Бұл енді заңдылық та шығар. Өйткені, елорданың маңайындағы облыс болғандықтан, бізге бағасы жеңілдеу болды.
Өнімдердің бәрі табиғи, жақсы. Бағалары да қолжетімді.
Қаланың базарына қарағанда осындай жәрмеңкеге келіп, алуға болады бағасы өте тиімді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15