Басты Жаңалықтар Бірқатар әскери қызметкерге мемлекеттік наградалар табысталды

Бірқатар әскери қызметкерге мемлекеттік наградалар табысталды

Республика күні қарсаңында үздік әскери қызметкерлер марапатталды. Салтанатты іс-шараға қатысқан Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жеке құрамын Ұлттық мерекемен құттықтап, сарбаздардың дайындығы мен кәсіби деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, қазақстандық әскери жауынгерлердің Голан жоталарында Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы құрамында бітімгерлік міндеттерді лайықты атқарып жүргеніне тоқталды. Мерекелік жиын барысында Президент Жарлығымен барлығы 29 әскери қызметшіге мемлекеттік, тағы бірнеше адамға ведомстволық наградалар табысталды. Бұдан бөлек, 40 сарбазға мерзімінен бұрын кезекті әскери атақ берілді. Марапат алғандардың арасында медицина қызметінің подполковнигі Ләйлә Таңатарова да бар. Ол «Ерен Еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Ләйлә Таңатарова, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері, медицина подполковнигі:

Толғаныс үстінде тұрмын. Өйткені тарихи үлкен мереке күні осындай жоғары марапат алып жатырмын. Мен үшін бұл үлкен қуаныш. Әрине, бұл марапатты алу үшін зор еңбек атқардық. Мен әскери медицина саласында 20 жылдан аса қызмет етемін.


Бөлісу