ЕҰУ-да мұнай-газ химиясы және полимерлік материалдар зертханасы ашылды
Республика күні қарсаңында Еуразия ұлттық университетінде мұнай-газ химиясы және полимерлік материалдар зертханасы ашылды. Жаңа ғылыми орталық жалпы құны 300 миллион теңгеден асатын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жобаны жүзеге асыруға Ғылым және жоғары білім министрлігі, Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және Қазақстанның мұнай-газ химиясы қауымдастығы қолдау көрсетті. Бұл бастама – ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Қазір зертханада 30-дан астам жас ғалым жұмыс істейді. Олар көмірсутек шикізатын қайта өңдеу, жаңа полимерлік композиттер мен экологиялық таза материалдарды жасау бағытында зерттеу жүргізіп жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15