Жетісу облысында 8 денсаулық сақтау нысаны ашылды
Жетісу облысында сегіз жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды. Фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулатория және медициналық бекеттер елге қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынды. Ескелді, Панфилов, Ақсу, Көксу, Қаратал және Алакөл аудандарындағы елді мекендерде пайдалануға берілген. Төрт мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы ем-дом қызметіне қол жеткізеді. Денсаулық сақтау саласын дамыту аясында өңірде барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы құны 1,7 миллиард теңге.
Сая Мазбаева, Жайпақ ауылдық дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі:
Бүгін бізде, міне, үлкен қуаныш. Бұл ғимаратымыз прокуратураның қайтарылған активтер есебінен салып отырған жаңа замануи ғимарат. Осы ғимаратымыз замануи техникалармен жабдықталған.
Қазбек Сарымбеков, Оян ауылының тұрғыны:
Салынбай тұрғанда біз Жаңаталапқа баратынбыз, көрші ауылға. Одан орталық ауданға баратынбыз. Қазір енді, міне, осындай ғимарат салып берді. Енді қиналмайтын шығармыз. Анализімізді, дәруменімізді осыннан алып тұрамыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00