Бүгін - Тұңғыш Президент күні

01.12.2019
Бүгін - Тұңғыш Президент күні

Бүгін - Тұңғыш Президент күні. 2011 жылдың желтоқсан айында Сенаттың жалпы отырысында «ҚР заңына толықтыру енгізу: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» заңы қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасының Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп-ескеру мақсатында күнтізбеге енді.  


Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-ның президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7% дауыспен жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Елбасы 79,78% дауыс иеленіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар 91,5% дауыспен Н.Ә.Назарбаевты ҚР Президенті етіп қайта тағайындады. Ал 2011 жылы 3 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауында Н.Назарбаев сайлаушылардың 95,5 % дауысын жинап, ҚР Президенті болып қайта сайланды. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс сайлауда 97,5 пайыз дауыс жинап, тағы да жеңіске жетті. 2019 жылдың 19 наурызында республикалық телеарналар арқылы Президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.


Нұрсұлтан Назарбаев қандай жоғары лауазымдарға ие?

  • Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы;
  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы;
  • Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы;
  • «Nur Otan» партиясының төрағасы;
  • Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы;
  • Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы;
  • Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы;
  • Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы.


Елбасы туралы қызықты деректер:

1. Дүниеге келген кезінде салмағы 5 келі болыпты;

2. Есімін әжесі Құрандағы екі атты қосып қойған екен;

3. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш - бидің ұрпағы. Қазақ, орыс және балқар тілдерінде еркін сөйеген;

4. Анасы Әлжан қазіргі Қордай ауданы, Қасық ауылындағы молданың қызы болған;

5. Елбасы бала кезінде ұшқыш болуды армандаған, ал мектепті бітірген соң химик болуды жоспарлапты;

6. Алғаш 5 жасында атқа мінген, ал 55 жасында тау шаңғысымен айналыса бастаған;

7. Үш жыл орыс сыныбында білім алған;

8. Мектептегі аттестатында бір ғана төрт болған;

9. Елбасы музыканы бала кезінен жақсы көрген. Кішкентай кезінен мандолинада, баянда ойнай білген, домбыра тартқан;

10. Жас кезінде көршінің үйін тұрғызу үшін кірпіш құйып, ақша тапқан;

11. Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орнының сынағынан өте алмай қалып, банкте 2 ай қарауыл болып қызмет істеген

12. Ал Днепродзержинскіде оқып жүрген кезінде күрестен Украинаның спорт шебері атанған;

13. 22 жасында бірінші рет шет елге шығып, Финляндияға барған;

14. Елбасының сүйіп тыңдайтын әндері — «Жұлдызым», «Көзімнің қарасы», «Беу, айдай», «Сәулем-ай»;

15. 1995 жылдан бері үлкен тенниспен, 1996 жылдан бері гольфпен айналысады;

16. 1997 жылдан бері Персеус RA 3h 23v Osd 40* 43 нөмірлі жұлдызы Елбасының атында; 

17. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі әзірге 10-ақ адамға берілген алтыннан да қымбат бағаланатын ниобийден медаль таққан;


Н.Назарбаевтың кітаптары: 

«Қазақстан жолы» (Жібек Жолы, 2012 ж.), «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» (Қазақстан, 1997 ж.), «Жүз жылға татитын он жыл» (Атамұра, 2001), «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» (Елорда, 2005), «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (Дәуір, 1992), «Сындарлы он жыл» (Атамұра, 2003), «Тарих толқынында» (Атамұра, 1999), «Тәуелсіздік белестері» (Жібек Жолы, 2012) «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (Жібек Жолы, 2012), «Ғасырлар тоғысында» (Атамұра, 2003), «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», (Қазақстан, 1999), «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.

Хабарламаларға жазылу