«Достық–Мойынты»: Қазақстанның логистикасына қандай өзгеріс әкеледі?
Осы аптада «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылғаны көп айтылды. «Бұл Қытайдан Еуропаға теміржолмен тауар тасуды бес есе арттырады. Қазақстанның транзиттік табысы да бес есе өседі. Ал жүкті жеткізу уақыты бірнеше тәулікке қысқарады» деген сипаттамамен.
Көп айтылатынындай бар. Себебі көлік-логистика саласы, жүк тасымалы – экономикалық та, саяси тұрғыдан да өз пайдасын ешкімге бермейтін мемлекет болуымыздың бір факторына айналған. Ақ орданың бұл бағытты үздіксіз және табанды стратегия қылғаны – мемлекет дамуына байланысты күдік дискуссиясына жарық түсіретін аргументтің бірі.
Жоспар ауқымды: мысалы, осы аптада Бақты – Аягөз теміржолының құрылысы басталды. Жалпы, 5 мың шақырым жол төселеді деп отыр үкімет.
Ал Президенттің логистикаға жасанды интеллект пен цифрлық технологияны дендей енгізу туралы айтқанын сарапшылар: «Жүк тасымалы тек рельсте ғана емес, алгоритмдер мен деректер ағынында шешіледі», – деп тарқатады.
Мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа философиясына – мұны Қ. Тоқаев цифрлық форумда айтты, бірінші кезекте жоғары атқарушы билік дендеуі керек. Ал сөз болып отырған сала бойынша теміржолға жауап беретін министрлік пен ұлттық компанияның сөйтуі – міндет.
Тарихи мүмкіндікті жіберіп алған сәттеріміз аз емес. Жасанды интеллект дәуірі қарқын алған сайын, мүмкіндіктер уақыт аралатып тумайтын да сияқты...
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
