Ақын Баянғали Әлімжанов жастармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Баянғали Әлімжанов жастармен кездесті

29.11.2018

«Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің...». Осындай атаумен белгілі ақын, драматург Баянғали Әлімжановтың жастармен кездесуі өтті.  Алдымен, ақын кеш қонақтарына шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріп, өлең-жырларынан үзінді оқып берді. Сондай-ақ, жастар емін-еркін пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.  Шара соңында өнерлі балаларға автор қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.

Айта өтейік, Баянғали Әлімжанов 30-дан астам кітаптың және ондаған ұжымдық жинақтардың авторы. «Арқалық батыр», «Жанақ пен Рүстем төре», «Ер Тәуке» сияқты ескі жырларды көптен бері ел ішінде жырлап келеді. 

Баянғали Әлімжанов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын:

- Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және соған қатысы ата-бабаларымыздың аңыздары, батырлық жырлар - осының барлығы рухани қазына. Мұны мен өмір бойы жырлап келе жатқан адаммын. Сондықтан, мен қуаныштымын.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу