Алматыда Мәуліт мерекесіне орай «Тәлімгер пайғамбар тағылымы» атты мерекелік кеш өтті.
Республика сарайында болған мәдени шараға 5 мыңнан астам адам қатысты. Көрермендердің көп болуы себебінен, салтанатты кеш екі рет ұйымдастырылды. Кеш барысында адамгершілік пен ізгілікке үндейтін қойылымдар қойылып, танымал әншілер рухани тақырыптағы әндер шырқады. Ал, белгілі ақын Жәкен Омаров «Мәуліт жырын» қазақша домбырамен орындады.
Еркінбек Шоқай, қалалық орталық мешіттің бас имамы:
Бұл дәстүрлі кеш арқылы біз пайғамбарымызды насихаттаймыз. Имандылықты, халықтың ішіндегі мейірімді, пайғамбарымыздың жолын насихаттаймыз.
Амангелді СЕЙІТХАН