Еліміздің жас таланттары «Джумейра дауыстары» байқауынан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің жас таланттары «Джумейра дауыстары» байқауынан жүлделі оралды

12.11.2018

Еліміздің жас таланттары Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «Джумейра дауыстары» байқауынан жүлделі оралды. «Шейх Заидтың 100 жылдығы құрметіне арнап өткізілген жарыс екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, кәсіби музыканттардың талантын шыңдайды», - дейді ұйымдастырушылар. Өнер бәйгесіне бұл жолы Қазақстан, Норвегия, Ресей, Өзбекстан, Испания, АҚШ, Израильдан барлығы 100-ге жуық үміткер қатысты. Олар ұлттық аспаптар, классикалық музыка, ансамбль, сурет және дәстүрлі ән номинациялары бойынша сайысты. Музыканттарға Эдуард Грач, Бахром Курбанов, Раиса Мұсаходжаева, Тұрар Әліпбаев, Роберто Болтри сынды өнер майталмандары төрелік етті. Қазақстандықтар ансамбль, дәстүрлі ән, эстрадалық ән және фортепьяно бойынша бас жүлдені жеңіп алды.   

 

Гаухар ТӨЛЕКБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу