Интернет алаяқтықтан сақтану жолдары
«Әлеуметтік желіге сурет жүктеуден сақтаныңыз! Интернет алаяқтары сіздің бет-әлпетіңізді қолданып, қаражатыңызды жымқыруы мүмкін. Себебі жаңа технологиялар адамның жүзін, дауысын айнытпай жасайды».
IT сарапшы Жұлдыз Әлімсейітова интернет алаяқтықтың түрі көбейгеніне алаңдаулы. Салдарынан сан соғып қалатындар көп. Мәселен, елімізде жыл басынан бері 14 мыңнан астам осындай факт тіркелді. Ал қайтарылған қаржы көлемі 26 пайыз шамасында. Сондықтан IT маман күмәнді хабарламаларға сенбеуге, әлеуметтік желіде абай болуға шақырады. Бейтаныс адамдардан түскен видео қоңырауға да, сақтықпен қарауды ұсынады.
Жұлдыз Әлімсейітова, IT саласы бойынша сарапшы:
Егер видео қоңырау қабылдап қойсаңыздар сіздің бейнеңізді, дауысыңызды жазып алады. Жасанды интеллект арқылы оны қолданып сіздің туысқандарыңызға, банк операторына звондауы мүмкін. Сіздің жеке ақпаратыңызды алуы үшін. Егер сізге келген пин кодты басқаларға айтып қойсаңыздар, сіздің банк шотыңыздағы ақшаны алып кетуі мүмкін.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03