Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының жаңа ғимараты пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

30.10.2018

Өнер шаңырағы екі жылда салынып бітті. Заман талабына сай жабдықталып, безендірілген әсем ғимараттың жалпы ауданы 10 мың шаршы метр. Театр құрылысына жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Өнер ордасының салтанатты ашылуында Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына орай 7-ші Орта Азия елдері театрларының фестивалі басталды. Әріптестерін құттықтауға Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған театр және кино майталмандары келіп, ыстық ықыластарын білдірді. 510 көрермен сиятын жаңа театрдың шымылдығы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» қойылымымен ашылды. Сахнаға шыққан актерлардың көбі өнер ұжымына жаңадан қосылған жастар. 

Ғалия Темірбаева, Б.Римова атындағы драма театрының директоры:

- Бізге 30-ға жуық штат берілгелі жатыр. Жетісудың көрермендерін әлі талай туындылармен қуантамыз деген ойдамыз. Бикен Римова театрының есігі әрқашанда ашық болады деп сөз береміз. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу