Ресейде «Абайды бірге оқиық!» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде «Абайды бірге оқиық!» акциясы өтті

22.08.2025

Ұлы Абайдың 180 жылдығы Ресейде бір ай бойы тойланады. Іргелес елдің бірнеше өңірінде ақынға арналған шаралар әлі де жалғасып жатыр. Мәселен, Түмен облысында «Абайды бірге оқиық» поэтикалық акциясы жарияланды.

Түмен облысындағы қазақтар Абайдың 180 жылдығына өз үлесімізді қосқымыз келді, сондықтан ақынның шығармаларын дәріптеуді жөн санадық дейді. Акцияның аясында жас та, жасамыс та ұлы ақынның шығармаларын, қара сөздерін оқиды.

Есенғали Ыбыраев, Ресей қазақтарының федералды ұлттық-мәдени қауымдастығының төрағасы:

Биыл барлық әлем қазақтың кемеңгері, ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын тойлауда. Оның шығармалары әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Біз Ресей қазақтары да өз үлесімізді қосайық деп, арнайы поэтикалық акция жарияладық.

Қандастарымыз, орыс, татар, башқұрт, өзге де ұлт өкілдері ақынның шет тілдеріне аударылған кітаптарын оқып, өлеңдерін жатқа айтты. Олардың пікірінше, Абай - әлем ақыны. Оның жаһан әдебиетіне қосқан үлесі зор.

Аида Тілеубаева, Түмен облысының тұрғыны:

Абай Құнанбаевтың шығармаларын бала кездеп оқып, отбасымызда ерекше құрмет тұтамыз. Сондықтан біз де белсенділік таныттық. Ақынның шығармасын әрбір қазақ білуі тиіс деп есептеймін.

Қыркүйектің соңында Абайға арналған шаралар Мәскеуде қорытындыланады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу