Елде ет бағасы күрт өсті. Сиыр еті бір айда 1,8%, ал бір жылда 19% қымбаттаған. Әсіресе шымкенттіктер биыл ірі қара малдың етіне көбірек төлей бастапты. Өсім – 34,3%. Ұлытау өңірінде баға 27,6% артса, Ақмола облысында 26,5% қосылған. Ал ең арзан баға – Атырау облысы мен Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда. Онда еттің өсу құны 10%-дан астам. Ел бойынша бір келі сиыр етінің орташа бағасы қазір 3 мың 200 теңге болып тұр.
Данияр Қайыртай
