Ақмола облысында макарон өнімдері, қант, сиыр еті қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында макарон өнімдері, қант, сиыр еті қымбаттады

09.10.2020

Ақмола облысында жыл басынан бері макарон өнімдері, қант, ұн, картоп пен сиыр еті едәуір қымбаттаған. Қазақстан коммунистік халық партиясы Ақмола облыстық филиалы осы тақырыпта жиын өткізді. Мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызға ие 20-ға тарта азық-түлік бағасының өсімі көп емес. Орта есеппен 3,9 процент. Жиынға қатысушылар азық-түлік бағасының артуы елдің қалтасына ауыр тиіп жатқанын алға тартып, тұрақтандыру қорларының жұмысын өзгерту керек деп ұсыныс білдірді. 

Ал Алматыда партияның филиалдары арасында футболдан жарыс өтті. 8 команда қатысқан доп додасына ардагер футболшылар да шақыртылды. Жеңімпаздарға медальдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. «Эпидмаусым кезінде салауатты өмір салтын ұстанғанның маңыздылығын ескере келе, осындай турнирлерді жиі ұйымдастыруды көздеп отырмыз», -дейді партия өкілдері. 

Гүлдана Нұрпейісова, ҚКХП Алматы филиалы мәдени мұра және ардагерлер комиссиясының төрайымы:
9 ай болды далаға шықпай карантиннан үйде отырып қалды ғой жастар. Денсаулықты шынықтыру үшін, иммунитетті көтеру үшін футбол турнирін өткізіп жатырмыз.

Ермек Елберген

Ақмола облысы ҚКХП

Хабарламаларға жазылу