Берлинде қазақ өнерпаздарының көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлинде қазақ өнерпаздарының көрмесі өтуде

27.09.2018

Берлинде қазақ суретшілері мен өнерпаздарының көрмесі өтуде. «Нан мен раушан гүлдер» атты ауқымды іс-шараға 70-тен аса туынды қойылған. Өнердің сан түріне қанығып үйреніп қалған  талғампаз еуропалықтар бұл көрмеге зор қызығушылық танытып, жоғары баға беріп отыр. Мұнда дәстүрлі суреттермен қатар перфоманс, инсталляция мен видео-арт сынды шығармаларды көруге болады. Ал ең ерекшесі - қазақ әйелінің киімінен жасалған 8 метрлік шатыр. Сыртында көшпелі дәуірдің көйлектері болса, іші қазіргі заманның киімінен тігілген. Осылайша, автор бұрынғы және қазіргі қоғамдағы әйелдердің орны туралы ойын білдірген. 

Роза Әбенова, Қазақстан Ұлттық музейі заманауи өнер орталығының жетекшісі:

- Осы көрменің ерекшелігі - бұл өткен дәуір мен қазіргі заман арасындағы, Ұлттық музейдің негізгі жиынтығы мен заманауи суретшілері арасындағы диалог. Көрмені ұйымдастыру үшін белгілі өнер сарапшысы Дэвид Эллиот, суретшіміз Алмагүл Менлибаева мен Берлиндегі Арт-резиденциясының басқарушысы Рейчел Ритс-Воллох үлкен еңбек атқарды. Бүгін осыншама көп адамның келуін бірегей жұмыстың жемісі деп санауға болады.

 Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу