Алматыда халықаралық этно-фольклор-джаз фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық этно-фольклор-джаз фестивалі өтті

21.09.2018

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен халықаралық этно-фольклор-джаз фестивалі өтті.

Қазақ ұлттық консерваториясындағы шара Астананың Алматыдағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылды. Оған елімізге белгілі этно-фольклорлық жанрдың танымал орындаушылары мен Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген өнерпаздар қатысты. Еліміздегі этностардың мәдени дамуы мен этникалық әуендерді дәріптеуге арналған фестиваль алғаш рет 2015 жылы Астанада өткен. «Ал, биыл ұлттық музыка мен тарихи мұраны насихаттауға мол мүміндік туды»,-дейді ұйымдастырушылар.   

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу