Әрбір жиынның өзіндік мәні, ерекшелігі, мақсаты болатыны анық. Дәуірлерді жіктеген данышпанның тойының ба өзіндік сән-салтанаты, мән- мағынасы бар. Ерке Ертістің бойындағы әр бір шарадан соны көруге болады. Дәл қазір Семейдегі Абай аренада Қазақ күресінен республика кубогі өтіп жатыр.
Ернұр Медет, тілші:
Абай тойы - ас ішіп аяқ босатудың мейрамы емес. Елді ұйыстыратын, болмысымызды айшықтайтын ортақ мереке. Сондықтанда Хәкімнің 180 жылдығы қарсаңыда ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, ұлттық спорт насихатталып жатыр. 3 күннен бері қарт Семейдегі Абай Арена спорт кешенінде қазақ күресінен республика кубогі өтуде. Білектілердің бәсекесіне 17 облыс 3 қаладан 400 ге жуық балуан жиналған. Өз өңірінен намысын қорғап келген саңлақтар өзара мықтыны анықтап жатыр. Дәл қазір менің жанымда бүгінгі жарыстың бас ұйымдастырушысы Болат Ақжігітов тұр. Болат мырза алдағы уақытта тағы қандай ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады?
Болат Ақжігітов, облыстық Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубының директоры:
Осы шарадан 8-10 тамыз аралығында Абай ауданында осы ұлттық спорт түрлері дәстүрлі садақ ату, құсбегілік, тоғызқұмалақ, жорға, бәйге, қазақ күресінен жарыстар өтеді. Ондағы қазақ күресі өгіз палуан және түйе палуан екі орынға да бас жүлде автокөлік. Тоғызқұмалақтан жеңімпазға автокөлік тігілген бірінші жарыс. Мұның негізі ұлттық спорт түрлерін насихаттау дамыту.
Ернұр Медет, тілші:
Жаңа атап өткендей тарихта тұңғыш рет тоғызқұмалақ жеңімпазына автокөлік беріледі. Бұл тоғызқұмалақ спорты ұлы ойшылдың жақсы көрген, сүйіп ойнаған ойындарының бірі еді. Ауқымды жарыс ертең аяқталады. Қарсыластарын қапыда қалдырып жеңіске жеткендерге арнайы медаль және сыйлықтар табысталмақ.
Ернұр Медет
